Астана – Шөмішбай Сариев

Бұл бетте «Астана» атты Шөмішбай Сариев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

1. Айналғандай пейіш-жұмақ, баққа да,
Тарихи жер – тұғыр болған таққа да, ей!
Абылайхан ақ туындай – Ақ қала,
Қазағымның бас қаласы-ей, Астана!

Қайырмасы:
Ел елдігі – Астана!
Кемелдігі – Астана!
Ел-анама – бас қала – Астана!
Кең далама – бас қала – Астана!
Қазағыма қонған бақыт бақ қала,
Армандардың ақ ордасы-ей, Астана!

2. Ата-бабам қонған талай атқа да,
Бермес үшін дұшпан жауға, жатқа да, ей!
Жаңа жауған аппақ қардай Ақ қала,
Қазағымның қара орманы-ей, Астана!

Қайырмасы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері