Туған жер – Шөмішбай Сариев

Бұл бетте «Туған жер» атты Шөмішбай Сариев жазған туған жер туралы өлең берілген.

1. Туған жер – орман бауларым,
Қыздарындай гүлі бар.
Ғажайып арман тауларым,
Ұлдарындай шыңы бар.

Қайырмасы:
Туған жер!
Арманымменен
Самғадым сенен, мен!
Туған жер!
Бұл әнім саған,
Арналсын, далам, сен, туған жер!

2. Туған жер – бақыт көгінде,
Аққу арман ұшады.
Көзінен нұры төгілген,
Жан анамдай құшағы.

Қайырмасы.

3. Туған жер – бала кезімдей,
Сені аңсап жүремін.
Аяулы достар көзіндей,
Мәңгі сақтар жүрегім.

Қайырмасы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері