Ар

Бұл бетте «Ар» атты Серікбай Оспанов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Домбыраны атама
Əперіп ем төрдегі:
Маған берген батада
Атам: «Арлы бол!» деді.
«Ар» деген сөз не?» – деп мен
Одан сосын сұрадым.
– Айттым жақсы себеппен,
Ар-намысың, шырағым! –
Деп аташым, тағы да
Түсіндірді «Ар» мəнін:
– Кір келтірме жаныңа,
Аппақ болсын арманың.
Аппақ болса арманың –
Сақтағаның Арыңды.
Жақсы көрер жан-жағың,
Жас болып өс жалынды.
АДАМГЕРШІЛІК ƏЛІППЕСІ
Ар-ұятың,
Адалдық,
Жөн-жобаны білуің.
Жасамауың жамандық,
Мəнді өмір сүруің!
Оқуда озат болғаның, –
Осылай деп аташым
Түсіндіріп сөз мəнін,
Берді тағы батасын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ар өлеңінің авторы кім?

Серікбай Оспанов — осы өлеңнің авторы.

Ар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Серікбай Оспанов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері