Күз суреті
Бұл бетте «Күз суреті» атты Мақсұт Неталиев жазған табиғат туралы өлең берілген.
Сарыала жапырақтар
Қонады қалқып ұшып.
Мүлгиді атырап бар
Жамылып алтын ішік.
Бу шығып бүйірінен
Ағады жылға-бұлақ.
Ақбөкен үйірімен
Барады Сырға құлап.
Дәнді алқап жалтылдайды,
Жайғандай дүзге кілем.
Жер-Ана ән тыңдайды,
Аққулар тізбегінен.
Қайың тұр амал қылып,
Шық моншақ тағынып ап.
Сүйеді самал - жігіт
Қалғандай сағынып-ақ!
Бұлбұлдар сайрамады,
Бұтаққа жайғасып жай.
Дөңгелеп Ай барады,
Әлемнің айнасындай!
Тәкәппар тау-шыңдар да
Өрлейді сүйіп өрін.
Қызығы таусылған ба,
Думанды дүниенің?!
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі