Баянауылға барғанда – Күләш Ахметова

Бұл бетте «Баянауылға барғанда» атты Күләш Ахметова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Қазақтың даласына шын ғашықпын
Қалада тұншыққанда қырға асықтым.
Көруге Баянауыл суреттерін
Сұранып сұлу күзде жолға шықтым.

… Кең дала. Қаладағы кептеліс жоқ
Саф ауа, самғайтындай тек періште.
Көліктен көкжиекке дейін түгел
Көзіме көрінеді теп-тегіс боп!

Жол – жазық. Жол төселген Жер де – жазық
Ән – нәзік. Ән тыңдаған мен де – нәзік.
Керемет жанға рахат сезім кешіп,
Кеңдікте демаламын кеуде жазып!

Жан далам, жарылқанған рахым, нұрмен.
Өзіңе өзегімдей жақынмын мен.
Жаныммен, жүрегіммен жақсы көріп,
Көзіммен сүйіп келе жатырмын мен!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері