Көкпар – Көмек Ыбрайұлы

Бұл бетте «Көкпар» атты Көмек Ыбрайұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Кірпік ілмей күндіз-түн,
Хас тұлпарды кім баптар?!
Қазақ пенен қырғыздың,
Ескі ойыны бұл «көкпар».
Ат жаратып сайла да,
Кең жайлауға, қырға бар.
Күш,
Ептілік,
Айла да,
Сол «көкпарда» шыңдалар.
Дала ұқсап базарға,
Шуылдайды ел, тегі.
Лақтырасың «қазанға»
Доп орнына серкені.
Ат мінген соң арынды,
Құлар олар көп кейде.
Ойын шарты кәдімгі,
Ұқсас футбол, хоккейге.
Қаның бар ма бойыңда,
Арғы атаң Ер Түрік!
Жатады бұл ойында
Ат та, адам да мертігіп.
Жеткенше кез тынығар,
Бәрін көріп азаптың.
Көкпар ойнап шынығар
Жігіттері қазақтың!!!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері