Ақын жүрегі – Жарылқасын Аманұлы

Бұл бетте «Ақын жүрегі» атты Жарылқасын Аманұлы жазған поэзия туралы өлең берілген.

Жалғыз сен ақын, түн бойы,
Тұңғиық ойда жататын.
Қарсы алмақ үшін жырменен,
Арайлы таңды ататын.
Сайраған үнін бұлбұлдың,
Ұғынар жан да сен ғана.
Күй шерткен күйшің – табиғат,
Сырласың досың – кең дала.
Құштарсың фәни өмірге,
Сезімің нәзік өзгеден.
Табиғат көркі, құс үні,
Сыр шертер өзге сөзбенен.
Егіліп жаның сол сәтте,
Тірліктің қымбат сағатын.
Іздейсің қайда, қайда деп,
Мәңгілік етіп соғатын.
Ой басып жүзің тұрғаның,
Қосылып күлмей басқаға.
Қуаныш, қайғы сен үшін –
Бір тамшы кейде жас қана.
Шыңырау сезім шымырлап,
Тізе бер сөздің маржанын.
Кеудеңде сенің көл-көсір,
Арманы жатыр бар жанның.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері