Жетекке еріп желіккен еспе көңіл – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Жетекке еріп желіккен еспе көңіл» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 08.08.2021
  • 0
  • 0
  • 1037
Жетекке еріп желіккен еспе көңіл,
Еспе көңіл билеген бөспе өмір.
Тырна болып тыраулап аспанға ұшқан
Тыраштарға толды пай мынау өңір.
Күн осылай тыраумен өтіп жатыр,
Құны кеміп адамдар болды пақыр.
«Адасқанның алды жол, арты соқпақ»
Боп жүрмесе жарады-ау соңы тақыр.
Ән саламыз, жыр жазамыз белсене,
Шындығына бермейді оның ел сене.
Шын шаттығы шыр-пыр істі шыңғырып
Шың асырсаң әсері жоқ еңсеңе.
Неғайбылдан тұман көңіл жайлауы,
Сусып жатқан сөз түйіні, байлауы...
Түп тұғыры тұтас емес қоғамның
Тіршілікте бітіп жатыр қай дауы!...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері