Партизан – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Партизан» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 7612
Қара түнді жамылып
Қалың нуды қақ жарған.
Қапысын тауып дұшпанды
Қайыра соққан қапталдан.
Төбесі түпсіз көк аспан
Қонысы орман, қалың қар.
Кеудесінде ұласқан
Жауына кек пен жалын бар.
Жай оғындай партизан
Жауға тыным бермеген.
Кездессем сені құшар ем
Өмірде бұрын көрмеген.
1942
* * *
Сіздің жақта осы күні жаз екен,
Біздің жақта қыс болып тұр, жанеркем.
Сәлем жолдап көшкен бұлттан отырмын,
Бұлт жолына қарашы өзің таңертең.
Майдан деген сапырылған қан екен,
Қиын-қиын қилы жолы бар екен.
Шың қияда, шыңырауда келемін,
Шын күтсең тек, оралармын, жанеркем.
1942
* * *
Жауынгермін құшағымда
Керілген көк, кең дала.
Дауылды ермін, құшағымда,
Еркін ескен жел ғана.
Жайнаған от, шарлаған оқ,
Қаулаған өрт айналам.
Көкірегімде лаулаған кек,
Бұрқ-сарқ етіп қайнаған.
Жерге болмас шек десе де,
Жерге сыймас бұл кегім.
Аспанда шек жоқ десе де,
Сыймас оған жүрегім.
1941. Волхов майданы


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Партизан өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Партизан өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Партизан өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Партизан өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері