Майдандағы жігіттің жыры – Cырбай Мәуленов

Бұл бетте «Майдандағы жігіттің жыры» атты Cырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 4144
Жаздың түні жас жарыммен,
Келіп қайың қасына,
Бұтақтарға тұрушы едік
Шынтақ қойып, асыла.
Жапырақтың арасынан,
Ай сәулесі қалтырап,
Ақ бетіне аруымның,
Түсуші еді жарқырап.
Түніменен түс көремін,
Тербеледі көк терек.
Жарым өзен жағасында
Тіл қатады еркелеп.
Түніменен түс көремін,
Ұзақ жатыр жол әлі.
Түсіңде емес, өңіңде сен
Есіңе алсаң болғаны.
1942. Волхов майданы


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері