Нева жақтан жел еседі
Бұл бетте «Нева жақтан жел еседі» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Отырғанда мен орманда оңаша,
Нева жақтан жел еседі тамаша.
Жұмсақ леппен маңдайымнан сипайды,
Жас жанымды аялаған анаша.
Ол айтады: аярым жоқ сенен,— деп,
Жер айтады: саған жәрдем берем,— деп.
Күн күркіреп, найзағайы ойнайды:
— Сеніменен бірге жауды жеңем,— деп.
Отырғанда мен орманда оңаша,
Нева жақтан жел еседі тамаша.
Сол бір желдің жұпар лебін жұтамын,
Мәз болам да бейне сәби балаша.
1942. Волхов майданы
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі