Мұнарлы күні қар күреп – Нұрбек Нұржанұлы

Бұл бетте «Мұнарлы күні қар күреп» атты Нұрбек Нұржанұлы жазған табиғат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

Мұнарлы күні қар күреп
жолда тұрдым жападан жалғыз,
кірпігім де қалысар емес
күреп жатты
жаныма енді жауған тоңғақ тамшыларды,
күреп жатты ерінім тіліме жауған сөздерді,
Қасым күреп жатты қабағымның әжімдерін,
Бәтіңкем күреп жатты торапты,
сәттерімді
күреп жатты сағаттың тілі.
Күн қарайды – көзілдіріктің аржағындағы суалған қарашықтай,
Жалаңбұт шыбықтар да – жорғалап бара жатқан қоңыздай.
Қар болып кеткендей түгел;
Жауып жатты үйлер,
Талдар, адамдар, күшіктер, т.с.с.
Жауып жаттым мен;
Көзім, қолым, қолғабым, күпім,
жауып жатты қар болып.
Мұнарлы күні қала тынышын бұзып
күредім
өзгені де,
өзімді де жападан жалғыз.
Сонда да үнсіздікке жұтылып кететін үнім.
Бәрінен де ең ауыр естілетіні,
аспаннан жерге жауған қардың құлағаны.
Аспан Шамын айнала жауып жатыр пәруана қар-р,
жынды қар-р,
жауып жатыр құлақ тұндыратын тыныштық.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мұнарлы күні қар күреп өлеңінің авторы кім?

Нұрбек Нұржанұлы — осы өлеңнің авторы.

Мұнарлы күні қар күреп өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мұнарлы күні қар күреп өлеңі не туралы?

Бұл шығарма табиғат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Мұнарлы күні қар күреп өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері