Күзгі таңда салқын соғып тау самалы – Нұрбек Нұржанұлы

Бұл бетте «Күзгі таңда салқын соғып тау самалы» атты Нұрбек Нұржанұлы жазған табиғат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

Күзгі таңда салқын соғып тау самалы,
Иіскеймін. Қалды екен қанша амалым?
Қанша шақырым жолдарым?
Біле алмадым...
Шақырады да тұрады күн алдағы.
Күлімдейді шөпке тұнған таңғы шықтар,
аппақ арай, бұрылмас па алға шықсам,
теріс айналып қалмас па екен ауа райы,
әуре болып жүрмесін күз-апатайым,
күн райы да қарағандай көңіліме –
тереземе алғашқы нұр төгілуде.
Мен білмеймін неше ғұмыр асарымды,
Осы тәнде қанша көктем тосарымды...
Содан ба екен, қымбат әрбір
дем алғаным,
ойланғаным,
жек көргенім, сүйе алғаным...
Қалайша мен түсінбегем
өңге айналған кереметті түсімдегі...
Сала алмадым Тәж-Махал мен кесене де,
Сондағысы пешенемде
жазу қалса бұ жалғанның мәні болған...
Атқан сайын таңым алдан,
кешке емес, таңға қарай бара жатам...
жолға емес, жанға қарай бара жатам...
Күрсінуге, ашынуға, одан қалса,
қиялдауға мұрша болмай,
маған салса;
Күн қарсы алып отырар ем күнде, күнде...
...әдемі таң атып келед жүрегімде.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Күзгі таңда салқын соғып тау самалы өлеңінің авторы кім?

Нұрбек Нұржанұлы — осы өлеңнің авторы.

Күзгі таңда салқын соғып тау самалы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Күзгі таңда салқын соғып тау самалы өлеңі не туралы?

Бұл шығарма табиғат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Күзгі таңда салқын соғып тау самалы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері