Ормандағы мола – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Ормандағы мола» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 3200
Орман үшін ұрыста,
Жауған оққа ұшты ер.
Айбарлы ұлын айналып,
Қойнына алып құшты жер.
Орман қоршап айнала,
Орап нуға құндақтап.
Жауыннан да дауылдан,
Сол қабырды тұр сақтап.
1942. Волхов майданы
***
Автоматты кезеніп,
Адамзаттың жауына.
Полк туы желбіреп,
Жөнелдік біз тағы да.
Келеді жас полковник,
Қияға көз жіберіп.
Кеудесінде кегі бар,
Күзгі аспандай түнеріп.
Желбірейді Қызыл Ту,
Символындай жеңістің.
Майдан маршы ойнайды
Дүрілдетіп жер үстін.
Теңізде де, көкте де,
Алар «сыйын» сұм дұшпан.
Кірді майдан ішіне,
Келген полк шығыстан.
1942. Волхов майданы


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ормандағы мола өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Ормандағы мола өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ормандағы мола өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ормандағы мола өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері