Ормандағы мола
Бұл бетте «Ормандағы мола» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Орман үшін ұрыста,
Жауған оққа ұшты ер.
Айбарлы ұлын айналып,
Қойнына алып құшты жер.
Орман қоршап айнала,
Орап нуға құндақтап.
Жауыннан да дауылдан,
Сол қабырды тұр сақтап.
1942. Волхов майданы
***
Автоматты кезеніп,
Адамзаттың жауына.
Полк туы желбіреп,
Жөнелдік біз тағы да.
Келеді жас полковник,
Қияға көз жіберіп.
Кеудесінде кегі бар,
Күзгі аспандай түнеріп.
Желбірейді Қызыл Ту,
Символындай жеңістің.
Майдан маршы ойнайды
Дүрілдетіп жер үстін.
Теңізде де, көкте де,
Алар «сыйын» сұм дұшпан.
Кірді майдан ішіне,
Келген полк шығыстан.
1942. Волхов майданы
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі