Алматым – Нұрбек Нұржанұлы

Бұл бетте «Алматым» атты Нұрбек Нұржанұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Алматым,
аңдаусызда маған ұқсап қалғаныңды біліп пе едің,
бүгін тағы
кәрі ағаштар еңіретіп сүйектерін
дірілдеген саусақтары жүрегімнен түртіп қалса
түк етпейді,
тіленшінің қолындағы әжіміндей тыртық қана...
ойларыма тұсауланып көптен бері,
ілтипатсыз кеткен едім,
төмен қарап
ең көріксіз кінәм үшін,
жанарымның алақаны жайылмады:
аспан еді – о, кінәмшіл...
Міне, тағы балдақ қылып маңдайыма бағананы
өкінемін,
Сүйген едім...
Енді ернімді жалап қойып
күйігімді түкіремін...
Ғафу ет, Алматым!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Алматым өлеңінің авторы кім?

Нұрбек Нұржанұлы — осы өлеңнің авторы.

Алматым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Алматым өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Нұрбек Нұржанұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Алматым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері