Жоғалттым – Ардақ Оспанұлы

Бұл бетте «Жоғалттым» атты Ардақ Оспанұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Қалай ойлайын ? Кім екен ? Сені кіммен?
Орын алдым ойымның тереңінен
Болашағын сенімен болама деп
Жалғыз қалдым қолдағы темекіммен

Ойлаймын!
Неге кеш , неге енді келген батылдық
Қорқақтықпен , жалғыздыққа сатылдық
Кешіккендер айыбымен ит жеккенге айдалып
Қол жетпеген оғымен жалғыз тұрып атылдық

Неге қазір
Неге қазір үсті үстіне ауырлық
Көк түтінді алғаным ба бауыр қып
Сені көрсем дәл өзімнің жанымда
Кетер едім бар дертімнен сауығып

Жанында кім
Қызық маған қандай жан?
Көрікті ме?Бай ма әлде ,шешен таңдайдан?
Өмір берсе бір мұғжиза қолыма
Іздер едім есіміңді маңдайдан

Ұқсаймын ба ?
Сен таңдаған , бағы жанған жігітке ,
Мінезі ашық , әлде бұлыт төніппе?
Кім болайын ? қалай тартам? Не стейін ? Не дейін?
Кімге сенем? Саған әлде орындалмас үмітке

Ұмытамын !
Оңай емес тырысамын , қиналам.
Рахмет саған бір басыма жаңа ауру сыйлаған
Бітті бәрі үмітім де , темекім де екі тал
Қош бол енді мотивациям өмірлік ,
Қош бол !қимасымсың қимаған


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жоғалттым өлеңінің авторы кім?

Ардақ Оспанұлы — осы өлеңнің авторы.

Жоғалттым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жоғалттым өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ардақ Оспанұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жоғалттым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар