Бейбітшілік туы берік қолда – Нығмет Баймұхамедов

Бұл бетте «Бейбітшілік туы берік қолда» атты Нығмет Баймұхамедов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Жер шарын мекендеген бүкіл халық,
Біздің ел дәстүрінен қуат алып.
Советтер Одағы боп сүйінері,
Достығын Отанымның отыр танып.

Қайырмасы:
Барлық халық, бақыт үшін тартқан алға, алға!
Біздің ту – Совет туы, берік қолда!
Партия қайда болса,
Партия қайда болса – жеңісм сонда!

Жиһанға жат болсын деп соғыс аты,
Сақтаулы қол қойылған «Әлем хаты»
Бала – жас, ана – жесір, әке – құрбан
Болсын деп жаралмаған адам заты.
Қайырмасы.

Отаным мәңгі бақыт шамын жаққан,
Қуатым құмда суды толқындатқан.
Біздің ел – еңбек елі, шөл далаға
Жайқалта жапырағын бақ орнатқан.
Қайырмасы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері