Жайлауым бақша – Нығмет Баймұхамедов

Бұл бетте «Жайлауым бақша» атты Нығмет Баймұхамедов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Шаттықпен саяхатта әнге салам,
Қынама гүл будасын қолыма алам.
Шарықтап қиял тербеп, көңіл сергеп,
Тек қана өз бақшамда рахаттанам.

Қайырмасы:
Жайлауым бақша жайнаған,
Бұлбұлы болам сайраған.
Бақшама сый қып тартарым, –
Шырқата салған әдемі ән.

Суы бал, көк майсасы белуардан,
Келсең кел деп алқабы құшақ жайған.
Жанға жай, төрт түлікке қоңыр салқын,
Басқада мұндай жайлау болсын қайдан?
Қайырмасы.


Пікірлер (1)

Тұрсынбай Сафиянұр

Маған өте қатты ұнады

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері