Өмір деген – Айтқали Нәріков‎

Бұл бетте «Өмір деген» атты Айтқали Нәріков‎ жазған өмір туралы өлең берілген.

  • 28.11.2015
  • 0
  • 0
  • 18996
Бұзылған ба тіршіліктің ырғағы,
Қым-қиғаш боп құбылыстың түр бәрі.
Шақша басым шарадай боп жүр қазір,
Араласып ойдағы мен қырдағы.
«Жылмына» батып-шығып сауданық,
Біреулер жүр қалып күнде дауға мың.
Ал біреулер кеудесін құр соғады,
Білмей қалып, бастан бақыт ауғанын.
Жалған тірлік кім-кімді де алдайды,
Құрығыңа сырығыңды жалғайды.
Бір-бірінен айла асырып жүргенмен,
Жер бетінде ешкім мәқгі қалмайды.
Осы жайды бәріміз де білеміз,
Біле тұра, ойнап және күлеміз.
Өз-өзіңмен ой толғауға мұрша жоқ,
Ертелі-кеш бос сабылып жүреміз.
Өткендердің ізі жатыр жосыла,
Тыншырмыз біз сол ортаға қосыла...
Көз жұма, құпиясын айтайтын,
Өмір деген, өмір деген осы да!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері