Әңгіме – Ескен Елубаев

Бұл бетте «Әңгіме» атты Ескен Елубаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.04.2020
  • 0
  • 0
  • 1916
Каникулда көргенiн
Бəрi де айтып жатқан-ды.
Сонда Болат ер көңiл
Бəрiмiзге мақтанды.
Келемеждеп ойнап та:
«Болат жалқау», – десек те,
Каникулда ол қой баққан,
Мiнiп алып есекке.
Болат жайсаң жайлаумен
Достасып-ақ кетiптi.
Қора қойды айдаумен,
Каникулы өтiптi.
Болат бiздiң бiр күнi
Мылтық алып жатыпты,
Ұстапты қу түлкiнi,
Қасқырды да атыпты.
Бiрде адасып кетiптi,
Атасымен тұманда.
Əзер үйге жетiптi,
Сендiк бiздер бұған да.
Қатты шаршап өздерi,
Болдыртыпты қойларын.
Шүңiрейген көздерi,
Суық алған бойларын.
Үш күн шарлап алапты,
Адасқаны шын анық.
– Сонда қайдан тамақты,
Iштiңдер? – деп сұрдық,
Болат түйiп қабақты
Сасып қалды күйбеңдеп:
– Тамақты ма? Тамақты...
Iшiп тұрдық үйден кеп...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері