Інімнің аңқаулығы – Ескен Елубаев

Бұл бетте «Інімнің аңқаулығы» атты Ескен Елубаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.04.2020
  • 0
  • 0
  • 1378
Монтер ағай келдi де,
Бағананың қасына.
Үзiк сымды көрдi де,
Өрмеледi басына.
Əлi өрмелеп барады,
«Ту басына жетем», – деп.
Қарап тұрмыз ағаны,
«Құламаса екен», – деп.
Шыбық атпен шапқылап,
Келдi мұнда iнiм де.
Сөйлеп тұрды ол аптыға
Бағананың түбiнде:
– Аға, мынау кiм өзi,
Құламай ма бұл кенет?
Қызық екен мiнезi,
Онда ұя iздеп жүр ме? – деп.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері