Келініме
- 0
- 0
Мынау сенің емес әсте төл үнің,
Ақырынырақ шәпілдеші, келінім.
Бірі көріп, бірі көрмей шабынар
Кимесеңші хайуанаттар кебінін.
Бұл бетте «Ханталау» атты Құралай Қанатқызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Лайлап менің тұнық бұлағымды,
Бұлдапсың, құдам, киген тымағыңды.
Тымағың таразы емес адамдыққа,
Тоңдырмас киім ғана құлағыңды.
Жаппар деп қойған екен атынды ерек,
Еректік мәнісін сен білсең керек.
Өмірбек әулетінен сыйынғанның
Келесің пірі болып жебеп-желеп.
Бауырым, бұл ісінде жоқ естілік,
Соныңның дауысы жатыр кімге естіліп.
Өлеңім шықса болды газетінде
Қоясың қой торыңды мінгестіріп.
Жадымда жоқ, бұрнағы күн, кеше ме,
Бір доцентке ұшырастым көшеде.
Сәлемдессем Алатауға қарайды,
Шолғысы жоқ төмпешікті, маңайды.
Керемет
Күшті , мықты ойды терең түрмен жеткізеді .Лайқты қай жерге басам ?