Бұл бетте «Бау ішінде гүлмісің» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қасың сұлу көрінер көзіңменен,
Ерітерсің кісіні сөзіңменен.
Қайырмасы:
Бау ішінде гүлімсің,
Айым менен күнімсің,
Тырнағым саған ілінсін.
Күнде мұндай кезіміз келе бермес,
Айтып өлең кетейін өзіңе мен.
Қайырмасы:
Шәйі орамал басыңда,
Жеңгең отыр қасыңда,
Ойнап бір күлші жасыңда.
Егін-тегін тағы да егін-тегін,
Майы шығар семіздің тартса терін.
Қ а й ы р м а с ы.
Күнде мұндай мереке бола бермес,
Айтып өлең кетейін осы бүгін.
Қ а й ы р м а с ы.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі