Туған топырақ жұртына – Хамит Ерғалиев

Бұл бетте «Туған топырақ жұртына» атты Хамит Ерғалиев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Туған топырақ – тамған жер кіндік қаным!
Бұл өңірде мен нені, кімді ұқпадым?!
Құралайы құралпы балаң шақта
Атқан таңнан не қилы күн құптадым.

Ояу сергек отыққан өрісімде
Бөтенсімей танығам бөрісін де.
Бәрі соның жақсы екен тез жетіліп,
Намыс сертін, нар жүгін бөлісуге.

Ауылым неткен тамаша қарапайым,
Мұндағы салт – «Жаныңмен жарасайын!»
Пейіліндей жұртымның ұқтырады
Бал қаймағы ақ құйрық қара шайын.

Ежелгі салт мұндағы қарапайым –
«Тарлық қылмай нашарға қол ашайын».
Барсаң, шығар алдыңнан ең ақыры
Үкі таққан ботасы қора сайын.

Бірін қылмай бастан-ақ әнтек істің,
Осы ел үшін қаспен де қан төгістім.
Топан судай апаты алпыс аршын
Толқынымен ажалдың сан тоғыстым.

Екі аралық бұлыңдап сағым құрлы,
Мекеніме мені де сағындырды.
Жүрегімде құс болып ұшқан ұям,
Құралай боп су ішкен қағым жүрді.

Кіл киелі атына атамыздың
Ат жалынан бір-бір тал атап үздім, –
Таңдайымды сонымен жібіткенде
Алып шықты шыңына бата құздың.

Жас келіннің сауғаны аруанасын
Бір көрінсе, сол дедік арман асыл,
Оққа ұшсаң да «Қамы үшін қарындастың
Бармын!..» демей өлуге арланасың.

Бірде маған: «Ұзақ жыл – несіп!» деді,
Айдарымнан алтын жел есіп тегі.
Жатты бәлкім сол кезде желеп-жебеп
Сәбиі де осы елдің бесіктегі.

Уа, туған жұрт, борыш деп соны ақтадым.
Сенен бөлек мұратқа қол артпадым.
Оққағарым, жеңіспен қайтарып ең,
Көкірегіңе жыр болып қонақтадым.

Оққағарым – өз жұртым, сен дегенде –
Сен деп нартқан қызуым сөнбегенде –
Көктем сайын көрінер төл де, гүл де,
Көк теңізден сөгілер сең де менде.

Қуанышың мен сенің, зарыңдамын,
Беріспейтін ешкімге арыңдамын!
Сақтап берем өзіңе шашпай-төкпей
Замананың сан түрлі сарындарын.

Артық басқан асаудай арындарын,
Қатігезден қайтарған қарымдарын, –
Біреуін де дүниеден әкетпеймін,
Бәрін жырлап қалдырам… Бәрін-бәрін!..

…Маған десең, бір емес, өлшегін мың, –
Әйтеуір мен бір бүтін бөлшегіңмін.
Құдай өзі біледі, бір күндері
Қанша дерсің қадірі өлсе кімнің?!.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Туған топырақ жұртына өлеңінің авторы кім?

Хамит Ерғалиев — осы өлеңнің авторы.

Туған топырақ жұртына өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Туған топырақ жұртына өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Хамит Ерғалиев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Туған топырақ жұртына өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері

Басқа да жазбалар