Осылай болғым келді

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

Ойға, ойға батқым келеді.
Ойды оймен толқытып,
Шалқытып, шалқып аққым келеді.
Сезімге, сезімге батқым келеді,
Сезімді сезіммен жандырып,
Рахатын,
Рахатын тапқым келеді.
Мен, өзім сүйген әлемді
Мерекелі еткім келеді.
Бей-берекет дүниені
Берекелі еткім келеді.
Мен, өмірге,
Өмірге енгім келеді.
Өмірсізге
Өмірімді бергім келеді.
Ауруға
Ауырып барғым келеді.
Оның ауруын жұлып алғым келеді.
Ажалға
Ажалмен төнгім келеді,
Өмірді,
Өмірді жұртқа бергім келеді,
Шіркін, поэзия!
Саған жанымды қиғым келеді.
Өлеңді өлең боп ұшырып,
Қанатынан сүйгім келеді...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Осылай болғым келді өлеңінің авторы кім?

Қалижан Бекхожин — осы өлеңнің авторы.

Осылай болғым келді өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Осылай болғым келді өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қалижан Бекхожин өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Осылай болғым келді өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері