Сол сүйікті Киевте – Қалижан Бекхожин

Бұл бетте «Сол сүйікті Киевте» атты Қалижан Бекхожин жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

(Украин ақыны Микола Нагнибедаға.)

Сол сүйікті Киевте достарым бар,
Үндесетін менімен көктем күнде,
Сол сүйікті Киевте достарым бар,
Днепрден дүбірлеп өткен бірге.
Достық даусын
әкелдім Ертісіме,
Толқын үндер тоғысқан Днепрден,
Сол сипат бар достардың өр түсінде,
Менің шалқар қырымда дән өсірген.
Достарым бар Украина байтағында,
Есіркейтін менің де жыр-нәшімді,
Өлеңіммен мың сәлем айтамын да,
Кең дүзіме шақырам сырласымды.
Қырларыма шырынды мәуе бітіп,
Сусындатты достықтың бұлақтары.
Жыр шырқайық, кел досым, әуелетіп,
Бұлбұлдардай үн қосқан гүл бақтағы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері