Өлең, жыр, ақындар

Тайыр Жароковқа

  • admin
  • 31.07.2024
  • 0
  • 0
  • 404
(Елу жасқа толғанда)

Ашқанда қыз-өлеңнің шымылдығын, –
Ақ жарқын шырай берді шырын жырың.
Сонда мен сүйген едім, қайран Тәке,
Жаныңның сыршылдығын, сұлулығын.
Ғашықтай сырласыңмын, шыным мұным,
(Өзім де өлең баққан жырындымын).
Әлі де елуінде бозбаладай,
Сақтаған ұшқыр жырың шымырлығын.
Ақын ба, мінезімен таң болмаса,
Досына ақ жүрегі жалғанбаса?
Өлеңнің безер едім, арамызда –
Өзіңдей жаны сұлу жан болмаса!
Өмірге, өлеңге де телі келдік,
Бірге біз, жыр гүлдерін теріп едік.
Қуандық Отан күлсе, ал, жау төнсе,
Найзалы қаламменен тебірендік.
Уа, қандай мықты жансың, әлі жассың,
Жырыңда аңқылдап тұр айдын «Тасқын».
Алдымда тұрсаң жайнап жалыныңмен,
Жастықтан мен де мәңгі айрылмаспын.
Өзің де өлең-сынды сырбазымсың,
Толғандың қызыл гүлді жыр жазы үшін.
Даусыңды көтер көкке, лебізіңнен,
Жүз жылға жаңғырыққан жыр жазылсын!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Еділ сәулесі

  • 0
  • 0

Асыққан алдымдағы
Ағып жатқан өмірге,
Ойымды алып толқындары—
Қарап келем Еділге.

Толық

Қап тауының бұлбұлы

  • 0
  • 0

Өткен ғасыр, өткен заман,
Көне дүние, күңгірт шақ.
Қайғы күйін шерткен адам.
Тіл тұтығып, дерт құсап.

Толық

Ташауыз

  • 0
  • 0

Шел дала...
Талай құм белді
Зулап тағы асамыз.
Құмды жарып үн берді,

Толық