Он жыл бұрын көргенде
- 0
- 0
Он жыл бұрын көргенде,
Ор киіктің лағы ең.
Пендең болып мен демде,
Құшағыңа құлап ем.
Бұл бетте «Тән сұлу ма, жан сұлу ма?» атты Макпал Рахаткызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Он жыл бұрын көргенде,
Ор киіктің лағы ең.
Пендең болып мен демде,
Құшағыңа құлап ем.
Жанарыңнан жалт еткен
Жадыраған нұр көрем.
Қимылыңнан қалт еткен
Жазылмаған жыр көрем.
Егерде тағдыр күшімен
Бөліске түссе бар әлем,
Аралап жүріп ішінен
Өзіңді таңдап алар ем.
Махаббат деген ару ма?
Аруға таман бару ма?
Ақылға, сөзге көнбесе,
Зорлықпен жұмсар қару ма?
Өмірде алғаш көріскен кісім,
Керемет келбет, келіскен мүсін.
Тәңірдің бере салғаны маған –
Аспаннан түскен періштембісің?
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі