Бұл бетте «Он жыл бұрын көргенде» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Он жыл бұрын көргенде,
Ор киіктің лағы ең.
Пендең болып мен демде,
Құшағыңа құлап ем.
Жұпар шашқан гүлдей бір,
Хош иіспен қош алдық.
Әлі күнге білмеймін,
Болды менде босаңдық.
Құралайын ата алмай,
Қапы қалған аңшыдай,
Тәтті бір тіл қата алмай,
Тайып кеткен бар сыңай.
Жастық шақты жұлып ап,
Шыныдайын уатып,
Барады өтіп зымырап,
Мейірімсіз уақыт.
Құстай ұшып, қалқашым,
Келіп тұрмын қайтара.
Өкпең болса, тарқасын,
Құшағыңды аш айқара.
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі