Бұл бетте «Егерде тағдыр күшімен» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
04.08.2019
0
0
1616
Егерде тағдыр күшімен
Бөліске түссе бар әлем,
Аралап жүріп ішінен
Өзіңді таңдап алар ем.
Сусырап егер шөлдесең,
Өзенің болып ағар ем.
Арманым жалғыз сол десең,
Айды да барып алар ем.
Күте тұр десең төзіммен,
Тас болып қатып қалар ем.
Бір ауыз жылы сөзіңнен
Мәңгілік бақыт табар ем.
- Бенедикт Спиноза
- Ясунари Кавабата
- Мұстафа Шоқай
- Абай Құнанбайұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі