Балтық – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Балтық» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 3224
Отпен бетті қаратпай,
Оқпен ұрып маңдайдан.
Күнбатыста күндіз-түн,
Күркіреп тұрды қан майдан.
Шарқ ұрып жатқан толқынмен,
Жаралған екен егіз жер.
Жазбады жұбын өзендер,
Жазбады жұбын теңіздер.
Өзегі талса өзеннің,
Теңіздер келіп жалғасты.
Күркіреп жалын шашқанда,
Тітіреп кейін жау қашты.
Өзен менен теңіздің,
Жанды сөнбей бір оты.
Қолын созды Волховқа,
Батыр Балтық флоты.
***
Бозы желбіреген дөңдер
Ауылдастарым секілді.
Көзі мөлдіреген көлдер
Қарындастарым секілді.
Судырлаған құрақтар
Жыр-дастаным секілді.
Сыбырлаған бұлақтар
Сырластарым секілді.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Балтық өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Балтық өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Балтық өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Балтық өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері