Әкесі Құлеке өлгенде айтқаны – Шал Құлекеұлы

Бұл бетте «Әкесі Құлеке өлгенде айтқаны» атты Шал Құлекеұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Құлеке жиырмада арқар еді,
Отызда би, қырқында дарқан еді.
Кешегі дулап өткен Құлекенің
Алдынан орыс, қазақ тарқап еді.
Алпыс бір мүшел келді мерттей болып,
Өтпедің сол мүшелден серттей болып.
Кешегі дулап жүрген, ер Құлеке,
Су тиген сөне қалдың өрттей болып.
Астынан көк өгіздің тас көтерген,
Кісіні арықтаған ас көтерген.
Бəрі де туған жанның өлмей тұрса,
Бұрынғы үлкен қайда бас көтерген!..
Астынан қара тастың су көтерген,
Мұнарды суға түскен бу көтерген,
Бəрі де туған жанның өлмей тұрса,
Бұрынғы батыр қайда ту көтерген!..


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері