Жігіт туралы
Бұл бетте «Жігіт туралы» атты Шал Құлекеұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
-
admin
- 09.08.2024
- 0
- 0
- 1942
Бір жігіт бар – құр жан,
Бір жігіт бар – тірі жан,
Бір жігіт бар – жігіт жан,
Құр жан дейтін жігіт –
кеудесінде жаны бар, еш нəрсені бітірмейді.
Тірі жан дейтін –
бар тапқанын киім мен асқа сатар,
жақын көрген досын жатқа сатар,
Қызыл белбеу, шоңқима етік, үкі тағып,
əркімді бір сықақ қылар;
Жігіт жан дейтін жігіт –
сегіз қырлы, бір сырлы болар.
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Салтанат Айдарбекова
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі