Сөйлеп қал, сөйле, тілім, арыс келді
Бұл бетте «Сөйлеп қал, сөйле, тілім, арыс келді» атты Шал Құлекеұлы жазған тіл туралы өлең берілген.
-
admin
- 09.08.2024
- 0
- 0
- 1320
Сөйлеп қал, сөйле, тілім, арыс келді,
Алдыңа сөйлейтұғын намыс келді,
Сөйлеп қал, сөйле тілім, осындайда
Қысқарып ұзын дүние қарыс келді.
Сөйлеп қал, сөйле тілім, иең келді,
Алдыңа сөйлейтұғын жүйең келді,
Сөйлеп қал, қызыл тілім, осындайда,
Қысқарып ұзын дүние сүйем келді.
Сөйлеп қал, сөйле тілім, өлмей тұрып,
Басыңа кезекті өлім төнбей тұрып,
Сөйлеп қал, қызыл тілім, осындайда,
Өзіңе жала-қауіп келмей тұрып.
Сөйлеп қал, сөйле тілім, бақ барында
Басыңда сөйлейтұғын жақ барында,
Сөйлеп қал, қызыл тілім, осындайда
Артымда мирас қалсын жастарыма.
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі