Тоқсан баулы айтайын тор өзбек – Шал Құлекеұлы

Бұл бетте «Тоқсан баулы айтайын тор өзбек» атты Шал Құлекеұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Тоқсан баулы айтайын тор өзбек,
Заманында мал біткен зор өзбек,
Пайғамбардың батасы тиген дейді
Соның үшін байыған сол өзбек.
Өзбексіз ел бар ма тамам елді,
Өзбектің өскені ол бір белде,
Тоқсан баулы өзбек айрылыпты
«Таңбалының моласы» деген жерде.
Тілесе берер тілек бір құдайдан,
Орта жүзде хан өтпес, Абылайдан,
...............................................................
...............................................................
Абылайдың тұсында құтпан болған
Сөйлейін Баян, Қанай, Жолдыбайдан.
...............................................................
...............................................................
Құдай жақсы жаратқан нұр екіні айт,
Елде жақсы бар болса бір-екіні айт,
Атығайда төрт қасқа батыр өткен
Жантелі, Жəпек, Құлеке, Тілекені айт.
...............................................................


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері