Қасыр-құсыр шайнайтын қайран тісім – Шал Құлекеұлы

Бұл бетте «Қасыр-құсыр шайнайтын қайран тісім» атты Шал Құлекеұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Қасыр-құсыр шайнайтын қайран тісім,
Тіс кеткен соң кетті ғой менің күшім,
Кесек-кесек турайды, өзі жейді,
Жаны ашиды деп сенген жақын кісім.
Кəрілік бізге келді кезіменен,
Келін жаман қарайды көзіменен,
Тұрып келіп қолымен ұрмаса да,
Ұрғандай-ақ болады сөзіменен.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері