Кім көрінгенге, көп жайға – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Кім көрінгенге, көп жайға» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 30.03.2018
  • 0
  • 0
  • 3677
Кім көрінгенге, көп жайға
көңілім толмай, күйініп,
өзімді өзім жегеннен
мақсатына біреуі жетті ме?
Әлде бақ маған орнай ма?
Болмаса залым сорлай ма?
Ақымақтар әлде жиылып,
ақылды болып кетті ме?
Мен жалғыз мұңды жүргеннен
өзгерте ме өмір күймесін?
Быт-шыт боп жатқан беу дүние
табар ма содан үйлесім?
Құлпырып қайта Жер-кие
ағыта ма әлде түймесін?
Дүниені таптап күн көрген
зұлымдық бірақ күшінде,
адалдық тордың ішінде.
Жазылмас дертіне жалғанның
дауа іздеп бекер қармандым,
жақындар емес арман-күн.
Дүние сырқат, жанына
бола алмайды екен – алдандым –
адалдығым, өзім, сөзім де ем.
Шығынайын өзім өзімнен.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Кім көрінгенге, көп жайға өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Кім көрінгенге, көп жайға өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Кім көрінгенге, көп жайға өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Кім көрінгенге, көп жайға өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері