Бұл бетте «Жатыр ем үйде сызбай мен» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жатыр ем үйде сызбай мен,
салқындап аяқ-қолдарым.
Кеткендей әлім. Мұздай дем.
Еңкейгені ме жорға – күн?..
Жатқанда батпан зіл басып,
біреуге дауысым жетсін бе.
«Бойыңды жазып, қырға шық!»
демейді маған ешкім де.
Сарқылып үміт-дәмем де,
жыраққа кетті жарма жыр,
Кең шалқар мынау әлемге
қажетсіздеймін дәл қазір.
Даналар да өткен сөзі үлгі,
өртеумен жанын жалын от.
Қажетсіз сезсең өзіңді,
өмір сүрудің мәні жоқ.
Оралды кенет дүркіреп
үйдегі данышпандарым.
Әрқайсысында – мың тілек,
арбайды алыстар бәрін.
Жатуға жай жоқ – күн күлген
алысқа бәрін жібермей.
Орнымнан атып тұрдым мен
құр атқа қарғып мінердей.
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі