Жиырма бес – кемелетке келген жасым
Бұл бетте «Жиырма бес – кемелетке келген жасым» атты Шал Құлекеұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
-
admin
- 09.08.2024
- 0
- 0
- 1190
Жиырма бес – кемелетке келген жасым,
Қырықта қынсыз қылыш болған басым,
Елуде екі көзің елең етер,
Алпыста ақ сақалды шал боласың.
Жетпісте жер таянбай тұра алмайсың,
Мойыныңды жан-жағыңа бұра алмайсың.
Бəріне көрінгеннің келін болып,
Шақырмаған үйлерге кіре алмайсың.
Сексенде селкілдеген шал боласың,
«Қайда» деп он бес, қайран, дал боласың.
Тоқсанда өлі де емес, тірі де емес,
Бəріне көрінгеннің таң боласың.
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі