Санай берсең жетімді жетпіс болар

Бұл бетте «Санай берсең жетімді жетпіс болар» атты Шал Құлекеұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Санай берсең жетімді жетпіс болар,
Бірақ та арманда шын үш жетім бар:
Бірінші – ат жетім өрен жүйрік шабылмаған,
Екінші – құс жетім саятшысы табылмаған,
Үшіншісі – болады екен əйел жетім
Өзінің теңін тауып қосылмаған.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері