Мен келдім алпыс жастың бесеуіне
Бұл бетте «Мен келдім алпыс жастың бесеуіне» атты Шал Құлекеұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
-
admin
- 09.08.2024
- 0
- 0
- 1032
Мен келдім алпыс жастың бесеуіне,
Не жиып, не жетпейміз нешеуіне.
Құдайым иман бергей, бір қаза бар,
Дүниенің көз жете ме өлшеуіне?!
Ұсынса қол жетпейді сермегенге,
Алланың не қайла бар бермегенге?!
Ауызбенен айтқан сөз бола ма екен,
Қолмен ұстап, көзімен көрмегенге?!
Адамның ауызы ала, ойы төртеу,
Құр көңіл болғанменен болмайды екеу.
Құдайым иман бергей, бір өлім бар,
Қай күні дəм таусылса қаза жетер,
Алланың жазып қойған жазуы екеу.
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Салтанат Айдарбекова
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі