Шалдың жігіт кезінде жеңгелерімен қалжыңдасқаны – Шал Құлекеұлы

Бұл бетте «Шалдың жігіт кезінде жеңгелерімен қалжыңдасқаны» атты Шал Құлекеұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Жеңеше-ау, қатық берші, қатық маған,
Жоқ та болса тауып бер, сатып маған.
Осындайда бір аяқ қатық берсең,
Қарқаралы қыздардан артық маған.
Жеңеше-ау, айран берші, айран маған,
Бұзау жүр сиырыңда байланбаған.
Көк көлемнің шағында ас жоқ дейсің,
Енді қашан тиеді пайдаң маған??
Жеңеше-ау, қымыз берші, қымыз маған,
Басыңда сəукелең бар құндыздалған.
Көк көлемнің шағында ас жоқ дейсің,
Күзгі күнгі уақыт па су мұздаған?!
Бұзауды жамыратқан аман болса,
Біздерді сабап таста шамаң болса.
Шіркінге айран түгіл, шалап берме,
Сиырдан сүт шыққандай заман болса.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері