Бұл бетте «Шал мен кемпірі» атты Шал Құлекеұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
-
admin
- 09.08.2024
- 0
- 0
- 1006
Шал:
Дүние, ойлап тұрсам, жалғаның-ай
Шынымен, жалған дүние, қалғаның ба-ай,
Жауырыным құрысып, шаншып отыр,
Келіп сипап жіберші, алғаным-ай!
Кемпірі:
Бұл дүние бəрімізден кетер өтіп,
Қыз күнімнен болдым ғой сізге несіп,
Айында да пайдаңды бір көрмеймін,
Қайтемін бостан-босқа қызмет етіп.
Шал:
Шал ақын Орта жүздің мен емес пе ем,
Он бесте ұрғашыға кен емес пе ем,
Мен саған жиырмамда болдым жолдас,
Құрытқан сонан бері сен емес пе ең!?
Кемпірі:
Ұшады көк ала үйрек көл дегенде,
Қара субал татиды шөлдегенде,
Аузыңа келген сөзді ірікпейсің,
Алжыған, не жының бар сөз дегенде.
Шал:
Дүние қызық екен жасыңдағы,
Барады өтіп дəурен басымдағы,
Айына бір пайдамды көрмеген соң,
Қасыма не қып келсін қатын-дағы.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі