Екі қатын алғанның дауы үйінде
Бұл бетте «Екі қатын алғанның дауы үйінде» атты Шал Құлекеұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
-
admin
- 09.08.2024
- 0
- 0
- 1500
Екі қатын алғанның дауы үйінде,
Жаман қатын алғанның жауы үйінде.
Жақсы қатын алғанның тойы үйінде,
Жаман қатын алғанның соры үйінде.
Кез болса ер жігітке жақсы қатын,
Жақсы қатын шығарар ердің атын.
Жаман болса өз қылған істерімен,
Еріне қалдырады жаман атын.
Жақсы сол – ерін күліп, шаттандырса,
Атқарып тапсырмасын мойнына алса.
Ері жоқта күйзелтпей шаруасын,
Ағайын, көршілерін жадына алса.
Сапардан ері келсе, үйге кіріп,
Жылы жүзбен қарсы шығып, қолын алса.
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі