Ашу дұшпан болғанда, нәпсі – жауың – Шал Құлекеұлы

Бұл бетте «Ашу дұшпан болғанда, нәпсі – жауың» атты Шал Құлекеұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Ашу дұшпан болғанда, нәпсі – жауың,
Ақыл – тұрған алдыңда асқар тауың.
Жүрекке ашу келіп толған шақта,
Денеңнің біле алмассың ауру-сауын.

Ойласаң, мың бір пәле тілден туған,
Шешендер топ ішінде тілді буған.
Бір адам қателікпен сөз сөйлесе,
Жабылып мың бір пәле соны қуған.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері