Заман-ау, заман, заман-ау, заман, заман! –
Мақпал Жұмабай
Бұл бетте «Заман-ау, заман, заман-ау, заман, заман!» атты Мақпал Жұмабай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Заман-ау, заман, заман-ау, заман, заман!
Не десем екен, не десем екен саған.
Тәкаппарлығым барады ұқсап Сізге,
Арпалысым да барады ұқсап саған.
Жүгірем жүйрік Сізбенен қатарласып,
Жүрегімдегі күркіреп теңіз тасып.
Автобустармен жүйткиді журналист қыз
Аманаттарды азаматтарға тасып.
Тербейсің мені, тербейсің ырғағыңмен,
Бесігің де — мен, бәрібір құндағың да — мен,
Жақсы көресіз Сіз мені, Мәртебелім,
Күркіреп көктемдеріңде тұр-ға-ның-мен!
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі