Бұл бетте «Қырандар мен қазақтар» атты Мақпал Жұмабай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.
“Сонау Парсы шығанағында жатқан Біріккен Араб әмірлігінің тұңғыш патшасы шейх Зайед бен-Сұлтан әл Нахайян осыдан бір-екі жыл бұрын қыран текті бекзат құстар жер бетінен мүлдем жойылып кету қаупі туғандықтан “Қызыл кітапқа енгендігін естіп, оларды босатып, бостандыққа жіберу туралы арнайы жарлық шығарады...
...Босатпас бұрын қырандардың әрқайсысының аяғына электронды-хабаршы сақина кигізіңдер деп әмір етеді.
...Қырандардың бұдан әрі тірлігін арнайы зертханаларда бақылап отырған ғалым-оринтологтар біраз уақыт өткеннен кейін таңданғаннан “аң” ұрады. Әлгі сақиналы 200 қыран түгелімен алтын ұясы, қыран даласы – Қазақстаннан, Семейден бір-ақ шығады...
Мереке Құлкенов
Салтанатыма салтанат қосатындар көп,
Сұңқарларсыз да қызыққа батасыңдар деп.
Алланың адал құлы шейх пәрмен таратты,
Қазақтың тұтқын құстарын босатыңдар деп.
Байлығы тасқан арабтың бекзадалары
Болғысы келмеді Аллаға әлде жазалы.
Балапан кезде әкеткен екі жүз қыранға
Бостандық берді арабтың ханзадалары.
Рахмет ізгі ниетті араб ұландарына,
Қыраннын қыран көзінен сыр аңдады ма?
Арабтың сұлу қыздары қолын бұлғады
Туған жеріме бет алған қырандарыма.
Асыққан жандай қырандар ата-анасына,
Қонбадық айтіп жем жеген босағасына...
Бет алды олар балапан кезінде қалған
Көкорай шалғын қазақтың сахарасына.
Босатшы бізді тұтқыннан, майда уайымдар,
Бүр жара берсін қырларда, сайда қайыңдар.
Келіп жетті олар туған жер топырағына,
Сатылып кеткен долларға, айналайындар.
Көз жасы тамып гүлдердің жапырағына
Қырандар жетті Алтайдың атырабына,
Қырандар қонды ядролық жарылыстардан
Жаралы болған Семейдің топырағына.
Туған жеріне қыранның асықты бәрі,
Қашықта қалған жат елдің жасытты ма әні?
Екі жүз қыран сағынған сайын даласын
Сағынған көкірегіне басып құлады.
Киесі бар деп жерімнің ұғынған жаным,
Сағынады екен құстар да ұғыңдар бәрің.
Қырандар махаббатына иіңдер басты,
Қырандар махаббаты үшін тұрыңдар бәрің.
Қырандар сенген екен-ау жол боларына,
Екі жүз қыран оралды ордаларына.
Қазақтың тілін сүймейтін замандастарым
Құстары құрлы қазақтың болмағаны ма?
Қаламың менен құстардың тізбегін деме,
Тізбегін деме, үмітті үзбегін, кеме!
Қазақтарменен қазақтың қырандарынан,
Мереке аға, ұқсастық іздедің неге?!
Бұлқыныстарым, жырларым мойындала ма?
Жанарға, ұлы мезгілім, уайым қамама.
Қазақтарменен қыранға махаббат берген
Басыңды игін, ғасырым, Сайын далама!
- Азамат Төре (авторлық өңдеу)
- Шәкәрім Құдайбердіұлы
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі