Қонақ хақында айтқаны – Қобылан Бөрібайұлы

Бұл бетте «Қонақ хақында айтқаны» атты Қобылан Бөрібайұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Қонаққа бір керегі – ет пен қымыз,
Бар болса, адал дəмің, ауыз тигіз.
Аз беріп, көп жалынып, құтылып қал,
Қонағым тойғанменен шықпас мүйіз.
Соғым арық, ет өзі қара кесек,
Етхана жақтырмайды бара берсек.
Əуеден жауған қар да таусылады,
Бір сайдан күнде барып ала берсек.
Қонағым, бабың қиын, күйің қатты,
Қондырмасам, қоясың жаман атты.
Сен «ет» демесең, мен «кет» демеймін,
Келе бер қай озғаның жүйрік атты.
Қонағым өкпелейді тоймаған соң,
Неге тойсын, көп соғым соймаған соң.
Ұлы-қызым ержетті, дəулетім аз,
Аш жүремін уайым ойлаған соң.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері