Жау жеңді, берік қамады – Мағжан Жұмабаев

Бұл бетте «Жау жеңді, берік қамады» атты Мағжан Жұмабаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

(Әбу Фирастан)
Жау жеңді, берік қамады,
Кісендемін - тұтқынмын!
Тамшылап қаным ағады,
Сарғайтасың етпей, күн!
Еш дыбыс жоқ, қара түн,
Жұлдыздар әлсіз сәулесін
Шашып тұр... естіп талған үн,
Таныдым шешем дауысын.
Көптен енді қан жұтып,
Шақырасың, қарт анам.
Тұтқын боп, қолдан ерік кетіп,
Бара алмай тұр жан балаң!
Сабыр қыл, анам, сарғайма
Дамылсыз зарлап күні-түн.
Қуан, қыл шүкір Құдайға,
Иманым үшін тұтқынмын.


Пікірлер (4)

Динара

Керемет

Гулзара

Тамаша

Балжан

Мағыналы өлең

Айбар

Керемет əсер қалдырды

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері